Есеп.36кг салмақты мыс пен қалайының қоспасының 45 процентін мыс құрайды.Осы қоспаның 60 проценті мыс болу үшін қаншалықты таза мыс қосатынын тап?
Шығарылуы:1)Мыс пен қалайының алғашқы қоспадағы салмағын табамыз.Мыстың салмағы барлық қоспаның 45 проценті болғандықтан: Z=36*45%=16.2кг.Қалған бөлігі қалайы болғандықтан,оның салмағы барлық қоспаның салмағынан мыстың салмағын алғанға тең:T=36-Z=36-16.2=19.8 кг. 2) Құрамында 60 процентті мыс,40 процентті қалайы болатын қоспаның салмағын табамыз.Қоспаға таза мыс қосылатындықтан 19,8 кг қалайы осы қоспаның 40 процентін құрайтындықтан,100 процентті қоспа қаншалықты салмақта болатынын табамыз:X=19.8*100%/40%=49.5 кг. 3) Соңғы қоспаның салмағынан алғашқы қоспаның салмағын алу арқылы қосылатын таза мыстың салмағын табамыз:
z=X-36=49.5-36=13.5 кг